
ГКП на ПХВ "Областной детский реабилитационный центр"
Оңтүстік Қазақстан Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 26 желтоқсан 2017 жылғы № 1018 н/қ бұйрығы бойынша Облыстық балалар оңалту орталығы 100-төсек орын жүйке-жүйесі органикалық зақымдалған науқас балаларға арналған орталық болып қайта бейімделіп жұмыс жүргізіліп келеді.Қазіргі таңда Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 437н/қ бұйрығына сай,110-төсек орынға науқас балаларды қабылдап жұмысымызды жалғастырудамыз.
- Националды Аккредиттеуден 2022 жылдың шілде айының 15 мен 19 аралығында тексеруден өтіп, тексеру қорытындысы ІІ-дәрежелі 2022-2025жылға берілді.
- Ғимарат бейімделінген, желісі: қабылдау бөлімі, 7- сауықтыру топтары, физиоемдеу бөлімі, емдік дене шынықтыру залы, уқалау бөлмесі, ән-күй залы, ой-тынықтыру және психологиялық коррекция бөлмесі, тұз шахтасы, оқшаулау бөлмесі, залалсыздандыру бөлмесі, асхана, бассейн, әкімшілік-шаруашылық бөлімі.
- Қолданылатын емдік әдістер: емдік дене шынықтыру (жеке, топтық, таңғы жаттығу, механотерапия, гидрокинезотерапия),физиоемдеу (электрлік және магниттік емдер),галотерапия (солявая шахта), емдік уқалау, психологиялық оңалту (жеке, топтық, аутотренинг), ән-күй терапия, дәрі-дәрмекпен емдеу.
- Орталықтың оңалтудағы мақсаттары: жоғары деңгейлі ем-көрсету, жүйке-жүйесінің зақымдарының зардаптарын жою, қимыл-қозғалыс қабылеті шектелген балаларды оңалтып, құрбы – құрдастарының қатарына қосуды алға қояды.
- Орталықтың оңалтудағы миссиялары: жүйке-жүйесі органикалық зақымданған балаларды медициналық оңалту,психолого-педагогикалық түзету әдістерімен қоршаған ортаға әлеуметтік бейімдеу.
- Ем қабылдау уақыты 18 күн, балаларды 3-18 жас аралығында «Емдеуге жатқызу порталы арқылы» қабылдаймыз.
Орталығымызда емделуші балаларға
екі бағытта ем – шаралар жүргізіледі
І. Медициналық оңалту бөлімі:
1) Кинезотерапия ( жеке, топтық жаттығулар,механотерапия –Локостейшн, вертикализатор, тренажер, артромот, жасандыиппотерапия, гидрокинезотерапия);
2) Физио – емдеу( уқалау, электро- жарық, жылу, тұзды аэрозольмен емдеу);
3) Дәрі – дәрмекпен емдеу (патогенетикалық, симптоматикалық-мидокалм таблеткасы);
4) Диспорт (А-түріндегі ботулиникалық токсин – гемаглютинин);
5) Диетотерапия
ІІ. Педагогикалық — әлеуметтік оңалту бөлімі :
1) Эрготерапевт;
2) Әлеуметтік педагог-Монтессори педагог;
3) 6) Ән – күй сабағы;
4) Логопед – дефектолог;
5) Психолог;
Контакты
Областной детский реабилитационный центрАдрес:
Email:
юр. адрес Химфармзавода, здание 4А1200 г.Туркестан ул. Кожанова строение 42
факт. адрес 160019 г.Шымкент, микрорайон Химфармзавода, здание 4А
gdrz@mail.tu
